Құтқарушы күні қарсаңында: құтқарушы Алишер Сейтқазы
Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы Семей қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Алишер Сейтқазы азаматтық қорғау органдарында 2023 жылғы мамыр айынан бастап қызмет атқарады. 3-сыныпты сүңгуір-құтқарушы.
Қатусушы төтенше жағдайларды жоюға, зардап шеккендерді іздеуге белсене қатысады, ауданды жақсы меңгерген. Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша кәсіби жұмыс жүргізеді. Іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жағдайды мониторингілеу кезінде ұшқызсыз ұшу аппаратын шебер пайдаланады.
Қызмет өту барысында ол жағдайды дер кезінде дұрыс бағалап, саналы шешім қабылдай алатын, өзін жақсы құтқарушы ретінде көрсете білді. «Қазқұтқару-2024» халықаралық байқауына қатысып, дене күшін, төзімділікті, сондай-ақ теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін тапсырмаларды өте жоғары деңгейде орындаған.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -