Құтқарушы күні қарсаңында: құтқарушы Ғани Абдиев
Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бастығы Ғани Абдиев осы қиын мамандыққа 20 жылын арнаған. Ғани 1-сыныпты құтқарушы.
Әскер қатарында ТЖМ бөлімшесінде қызмет еткеннен кейін 2006 жылы жедел-құтқару жасағына келіп, құтқарушы болып жұмыс істей бастады. Қызмет еткен жылдарында ешқашан өзінің таңдаған мамандығына өкінген емес.
Әр шақыруға біз, құтқарушылар, кәсіби деңгейде барамыз, себебі бізден нақты әрекеттер мен көмек күтіледі. Эмоцияларға жол жоқ, өйткені біреуге көмек керек. Әр шақыруға құтқарушы түрлі әрекет нұсқаларын ойластырып барады, ал оқиға орнында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтай отырып, белгілі бір құтқару әдісін таңдайды. Көп жағдайда тәуекелге баруға тура келеді, өйткені әр жағдай өзіндік ерекшелігімен және «тосын сыйларымен» келеді. Бірақ бұл менің таңдауым, мен өз мамандығымды жақсы көремін және онымен мақтанамын.
Құтқару бөлімшесінің бастығы Ғани Абдиев Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысты жою кезінде, Түркістан облысындағы су бөгетін бұзу кезінде, Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайында көптеген төтенше жағдайларды жоюға қатысқан. Ол «Қазқұтқару» құтқару бөлімшелерінің жиын-семинарының тұрақты қатысушысы. ТЖ министрінің, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД басшылығының атынан алғыс хаттармен марапатталған. Және кенеттен төтенше жағдай туындаса, ол әрқашан көмекке келуге дайын.
Құтқарушы – ерекше мамандық. Сіздерге алғысымыз шексіз, құтқару қызметінің қызметкерлері, сіздердің ерліктеріңіз бен батылдықтарыңыз үшін бас иеміз!
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -