Құтқарушылар қолөнер сайысының қорытындысын шығарды
Құтқарушы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлерінің балалары арасында қолөнер сайысы өтті. Негізгі бағыт, балалардың құтқарушылар кәсібіне қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпаққа қауіпсіздік мәдениетін үйрету. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды, шешімдер көпшілік дауыспен қабылданды.
«Балалардың шығармашылығын бағалау өте қиын, - деді ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мұстафин. Бірақ сайыстың аты сайыс. Әділ қазылар композицияның жаңашылдығын және қиындығын бағалайды. Бұл жерде әрбір туынды марапатқа лайықты. Қолөнер әр түрлі материалдардан жасалған. Қатысушылар өздерінің «шедеврлерімен» әкелерінің кәсібі және қауіпсіздік ережелері туралы айтты.
1 орынды Шемонайха ауданынан Азалия Муслимова иеленді, ол «Орманды қорғаңдар» макетін жасады, 2 орынды Нұрәлі Қасаинов иеленді, оның туындысы «Саяжайдағы өртті алдын ал», құтқарушылардың тұрғын үйдегі өртті сөндірулері бойынша композициясы үшін Айлана Белдеубаева 3 орынды иеленді.
Осындай іс-шаралар балалардың дамуына, болашақта табысты болуына үлкен әсер етеді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -