Тұран даңғылы бойынша қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгерді
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске әуежайдан қалаға қарай ашық, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 23-25 мамыр аралығында Тұран даңғылының екінші жағы Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде қала жағынан әуежайға қарай жабылады.
Бұл ретте Тұран даңғылы-Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран даңғылы-Ұлы Дала даңғылының қиылысы ашылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -