ТҮРКІСТАН: КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР ДИРЕКТОРЛЫҚҚА КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ: Түркістан облысы, 05 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР ДИРЕКТОРЛЫҚҚА КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Түркістан өңірінің үздік педагогтары басшылық қызметке конкурссыз тағайындалады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша 43 түркістандық педагог кадрлық резервке өтті. Олар көшбасшылық, кәсіби және басқарушылық дағдыларын жетілдіріп, арнайы сертификатқа ие болды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев резервшілермен кездесті. - Білім беру саласында оң өзгерістер көп. Бірқатар бағыттарда талап күшейді. Былтырдан бастап мектеп директорлары тікелей эфир арқылы ашық жүйеде тағайындалып келеді. Бұл бастама сыбайластық жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және азайтуға, түрлі кедергілерді тоқтатуға, әділетсіздікке тосқауыл қоюға және бірінші басшылық лауазымына лайықты азаматтардың қабылдануына септігін тигізіп жатыр. Кәсіби педагог кадрларының басқаруы – білім сапасының артуына тікелей байланысты. Ендігі кезекте кадрлық іріктеуге қатысып, сертификат алған педагогтарды яғни Сіздерді конкурстық рәсімсіз басшылық қызметке тағайындай аламыз. Тәжірибелеріңіз бен дарындарыңызға үміт артамыз. Сенімді ақтайды деген ойдамыз. Осылай кезең-кезеңімен кадр мәселесін шешеміз. Өңір әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен ұстаздаға ерекше құрмет көрсетілуде. Бұл жұмыстар одан әрі жанданады, - деді Бейсенбай Дәулетұлы. Жиында облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова қатысушыларды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Резервке өткен педагогтар директордың орынбасары бола алады. Ал орынбасарлық қызметте жүрген көшбасшылар мектеп директорлығына тағайындалады. Оқу-ағарту министрілігі тарапынан білім сапасын арттырудың бес негізгі бағытын айқындалған. Оның ішінде тиімді менеджментті дамытуға және кадрлық резервті құруға ерекше басымдық берілген. 6 айға созылған процесс 5 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда үміткерлер құзіреттерді бағалау бойынша тестілеу, жетекші мектептердегі тағылымдама, қорытынды бағалау және республикалық комиссияда әңгімелесуден өтті. Іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді. Айта кетейік, Түркістан облысында 2023 жылы 26 педагог резервте болған. Оның 23-і бос лауазымға конкурстық рәсімсіз орналасқан. Биыл жобаға қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейген. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар