ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ХУБЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясының Қытай Халық Республикасына ресми сапары жалғасуда. Іссапар аясында облыс өкілдері Хубэй провинциясының Халықтық үкіметінің Шетел істері департаментінің директоры Чжан Сяомэймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасында бауырлас қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды. Екі ел өкілдері бірлескен жұмыс нәтижелерін оң бағалап, бұл құжат байланысты одан әрі нығайтуға ықпал еткенін атап өтті.
Нұралхан Көшеров қытайлық серіктестерге екіжақты қатынастарды дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Хубэй провинциясының басшыларын Түркістан облысына сапармен келуге шақырды. Аймақтар арасындағы байланыстарды нығайту экономиканы дамытуға ғана емес, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.
Кездесу Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы серіктестікті одан әрі кеңейтуге жасалған маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік аясындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -