ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені ашылды. Спорт кешенінің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов, аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихатың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, жас спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен бүгінде облысымызға қарасты шалғай ауылдарда әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға басымдық берілуде. Мемлекет тарапынан спорт саласын дамытуға көптеп көңіл бөлініп келеді. Жаңа спорт кешені спортшыларымыздың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады деген сенімдемін. Еліміздің жігерлі жастарын дайындайтын жаңа спорт кешені құтты болсын, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Спорт кешені қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда волейбол, баскетбол, күрес, бокс, дзюдо және басқа да жаттығу залдары бар. Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жастарды спортқа баулуға қызмет етеді. Заманауи үлгіде жабдықталған спорт кешенінде бір уақытта 100-ге жуық ауыл тұрғыны спортпен шұғылдана алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -