Түркістан облысында ер адам әйелін күштеп жындыханаға апарып тастаған: Астана қаласы, 01 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Түркістан облысында ер адам әйелін күштеп жындыханаға апарып тастаған

Омбудсменнің Түркістан облысы бойынша өкілі әйелге заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық істі қайта бастауға көмектесті

Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкіліне әйел хабарласып, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі мен оның екі досы өзін байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына апарып тастағанын айтты.

Арызданушының сөзіне қарағанда, күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны ақыл-есі кем деп орналастырған. Әйел емханада 3 күн болған. Сондай-ақ шағымданушы осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жеткізді.

Сонымен қатар, әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазғанын, олар алдымен қылмыстық іс қозғағанын, кейін 2024 жылдың тамызында іс жабылғанын айтты.

Омбудсмен өкілі өтініш берушіге оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолдануға болатын тәсілдер мен құралдарды түсіндірді. Қазіргі таңда Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.

Жәбірленуші бейнежазба түсірген, онда ол өкілге мәселесін шешуге көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Кері байланысқа шығып, біздің өкілдеріміздің жұмысы туралы жылы пікір қалдырған азаматтарға алғыс айтамыз. Біз Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және ппоблеманы жедел шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға ұмтылу арқылы ақтауға тырысамыз.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Омбудсменнің Түркістан облысы бойынша өкілі әйелге заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық істі қайта бастауға көмектесті

Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкіліне әйел хабарласып, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі мен оның екі досы өзін байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына апарып тастағанын айтты.

Арызданушының сөзіне қарағанда, күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны ақыл-есі кем деп орналастырған. Әйел емханада 3 күн болған. Сондай-ақ шағымданушы осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жеткізді.

Сонымен қатар, әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазғанын, олар алдымен қылмыстық іс қозғағанын, кейін 2024 жылдың тамызында іс жабылғанын айтты.

Омбудсмен өкілі өтініш берушіге оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолдануға болатын тәсілдер мен құралдарды түсіндірді. Қазіргі таңда Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.

Жәбірленуші бейнежазба түсірген, онда ол өкілге мәселесін шешуге көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Кері байланысқа шығып, біздің өкілдеріміздің жұмысы туралы жылы пікір қалдырған азаматтарға алғыс айтамыз. Біз Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және ппоблеманы жедел шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға ұмтылу арқылы ақтауға тырысамыз.

Аймақтағы жаңалықтар