Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 1500-ден астам объект бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Түркістан облысында әлеуметтік инфрақұрылымның 1588 объектісі толық бейімделді.
Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20 %-ы бейімделуге жатады.
Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.
Осы жылдың соңына дейін Түркістан облысында 1466 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде жоспар артығымен орындалып, 1588 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
Мәселен, өңірдегі 1588 объектінің ішінен төмендегі объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:
- денсаулық сақтау нысандары – 219;
- білім беру нысандары – 748;
- мәдениет нысандары – 106;
- сауда және қызмет көрсету объектілері – 78;
- мемлекеттік ұйымдар – 318;
- спорт нысандары – 24;
- көлік инфрақұрылымының объектілері – 7;
- қоғамдық тамақтандыру объектілері – 4;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 10;
- өзге де объектілер – 74.
«Қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жайлы орта қалыптасып келеді. Оның бір мысалы, жақында «Тұран» супермаркетінде болып, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік қамтамасыз етілгеніне көз жеткіздім. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы тұрақ орындары, пандустар және кіруберістер стандарттарға сәйкес келеді. Жалпы облыс бойынша инфрақұрылым объектілерін қолжетімділік нормаларына сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл мүгедектігі бар адамдарды қуантады», – деді бірінші топ мүгедектігі бар, Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Дастан Орынбасаров.
Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 183 тексеру жүргізді, оның ішінде: 25-і жоспардан тыс тексерулер, 24-і профилактикалық бақылау шеңберінде және прокуратураның талабы бойынша 134 тексеру болды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 42 ұйғарым берілді, 32,5 млн теңгеден астам сомаға 151 әкімшілік айыппұл салынды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -