Түркістан облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығу туралы
А.ж. 12 қазанында Шымкент қаласының «Ақтас» оқу-дала орталығы аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен «Түркістан-Антитеррор-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізу жоспарлануда.
Іс-шара барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қауіптерге жауап беруге дайындығы, террористік актінің салдарын барынша азайту мен жою мәселелері пысықталады.
Жедел топтар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды, шартты түрде сотталған террористермен келіссөздер ұйымдастыру, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату бойынша және террористерді залалсыздандыру операциясын жүргізеді.
Осыған байланысты облыс және қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -