ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 27 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес аудан аумағында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудандағы жалпы саны 626 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. Өткен жылы аулаларға 21 ойын алаңшасы салынса, биыл осындай 27 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Жаңа ойын алаңшалары Сайрам, Нұртас,Тассай, Қызылсу, Тұран, Бозарық, Нұрсәт, Мирас, Шапағат елді мекендерінде бой көтереді.Нұрсәт, Шапағат, Нұртас шағынаудандарында биыл үш ашық спорт алаңшасы салынады. Жергілікті халықтың өтініші бойынша Нұртас,Тассай, Таскен, Сайрам, Шапырашты, Өтеміс, Мәртөбе,Мирас, Шапағат, Қайтпас елді мекендерінде 16 орынға ирригациялық жүйелер жүргізіледі.Қала көркін арттыратын нысандардың бірі - гүлзарлар. Былтыр ауданда 7 гүлзар салынған, биыл 11 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда. Өткен жылдың басты жетістігі ауданда 320 көшенің жарықтандырылуы болса, биыл 351 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Онымен қоса осы жылы Тұран,Мирас, Шапағат, Нұртас, Мәртөбе, Алтын Орда және Сайрам елді мекендерінде жалпы саны 138 көшеге асфальт төселеді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -