ТҮРКІСТАНДА «ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» БАСТАУ АЛДЫ
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастырумен Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы бастау алды.
Жобаның басты мақсаты – облыс аумағындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, облыс тұрғындарын түрлі діни ағымдардан сақтандырып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу. Аталған іс-шара қонақтарының қатарында дін, мәдениет, спорт салаларының өкілдері қатысуда.
Бүгінде Кентау қаласы, Сауран, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарында іс-шара өткізіліп, Арман Қуанышбаев, Дінмұхаммед Сманов, Шәкен Амантұров, Абай Қалшабек, Сержан Оразбаев сынды елімізге белгілі дін, қоғам қайраткерлері қатыстырылды.
Арнайы келген қонақтар діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы ойларын баяндап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Бұл іс-шара облысымыздың барлық қала, аудандарында жалғасын табатын болады.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -