Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Абай облысына жұмыс сапары барысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев өңірдегі медициналық нысандардың жұмысымен танысты.
Тимур Сұлтанғазиев өңірдегі ең ірі медициналық ұйым №7 емханаға барды, онда пациенттер амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерінің барлық спектрін ала алады.
Бұдан әрі Семей қаласының медицина университетінің 70 жылдық тарихымен танысты, ол жыл сайын барлық бейіндер бойынша 800-ге жуық түлек шығарады.
Университет базасында Тимур Сұлтанғазиев халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау өткізіп, БАҚ өкілдерімен кездесті.
Облыс тұрғындарымен кездесуде бірінші вице-министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру туралы айтты.
«Медициналық көмектің бірыңғай пакеті бойынша жоба әзірленді, ол медицина жұртшылығымен және сала активімен кеңінен талқыланды. 2025 жылдан бастап ТМККК және МӘМС медициналық қызметтер пакеттерін кезең-кезеңімен қайта қарау жоспарлануда. Бұл ТМККК шеңберінде мемлекеттің артық кепілдіктерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру бойынша жұмыс басталды, ол меншік нысанына қарамастан мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің объективтілігін және өтпелі бақылауды қамтамасыз етуге тиіс»,-деп баяндады бірінші вице-министр.
Бұдан басқа, халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін медициналық көмек көрсетудің кешенділігі және ұлттық стандарттарға сәйкестігі бөлігінде емханалық ұйымдарға қойылатын талаптар арттырылды. Арнайы мамандарға қолжетімділік жеңілдетілді, дәрігерлердің пациенттермен тиісті байланысы қамтамасыз етілді.
Өңір тұрғындары медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және т. б. мәселелерін көтерді.
«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Өңірлердің стационарлық және амбулаториялық-емханалық ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін «әлеуметтік әмиян» цифрлық жобасы іске қосылды, QR-код арқылы дәрілік заттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Жоба 724 емханада, соның ішінде Абай облысында жүзеге асырылды», - деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.
Азаматтарды қабылдауда бірінші вице-министр өңір тұрғындарының өтініштерін қарап, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына қатысты өтініштерге жауап берді.
Сондай-ақ, университет алаңында Тимур Сұлтанғазиев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, онда тіркеу, ауылдарға дәрігерлерді тарту, вакцинациялау, МӘМС мәселелері көтерілді.
Жұмыс сапары барысында азаматтар айтқан барлық мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынып, бейінді бөлімшелер мен жергілікті уәкілетті органдарға орындауға берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -