Тәжікстандағы «Харбмайдон» полигонында ҰҚШҰ-ның «Рубеж-2024» оқу-жаттығуы аяқталды
Памир тауларында қазақстандық десантшылар Орталық Азия өңірі Жедел өрістету ұжымдық күштерінің құрамында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Рубеж-2024» оқу-жаттығуының белсенді кезеңіне қатысты.
Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілерімен бірге жауынгерлік тапсырмаларды орындаған қазақстандық әскери қызметшілер бірлескен жұмыстан тәжірибе алды.
Оқу-жаттығудың негізі ретінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің аумағына заңсыз қарулы құралымдардың басып кіруі туралы өзекті сценарий алынды. Шартты қарсылас мемлекеттік шекарадан бірнеше бағытта өтті.
Шекара әскерлері ұрысқа кірді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Елді мекендер мен бейбіт тұрғындарды басып алған «дұшпан» аумақтың ішкі жағына қарай жылжуға әрекет қылды.
Басқа бөлімшелермен бірлесіп, таулы-шөлді жерде Қазақстан десантшыларына заңсыз қарулы құралымдарды жою жөніндегі жауынгерлік тапсырмаларды орындау міндеті қойылды.
Белгіленген шепте шайқас басталды. Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан армияларының бөлімшелері екі жақтан оқ жаудырды. Әркімнің өз бағыты бар, бірақ бәрінің міндеті бір. Ол – өзара әрекеттесе отырып, жаудың көзін жою.
«Жаудың» негізгі күштерінің алға жылжуына жол бермеу үшін артиллерия, шабуылдаушы және армиялық авиация қолданылды. Бұл «содырларды» тоқтатуға және тиімді қорғаныс позицияларын алуға мүмкіндік берді.
– Аталған шепке келген соң біз үш блокпост пен күзет қойып, ұрысты бастадық, – деп түсіндірді Қазақстан батальонының командирі капитан Қуаныш Әбілғазы. – Біздің алдымызда жаудың Душанбеге қарай жылжуына жол бермеу міндеті тұрды. Қазақстандық десантшылар бұл тапсырманы толық орындады.
Қару-жарақтың барлық түрлерін қолданудың арқасында қарсы шабуыл жасау үшін қолайлы жағдай туып, «жау» бөлімшелері толықтай жеңілді.
Шартты қарсылас резервтерінің тәсілін болдырмау үшін тактикалық әуе десанты түсіріліп, ол тапсырманы сәтті орындай алды.
Қазақстандық әскери қызметшілер мен олардың жауынгерлік серіктестері Ұжымдық жедел өрістету күштері құрамында жоғары кәсібилік, тамаша үйлесімділік және бір-біріне өзара көмек көрсетті. Сөйтіп олар ҰҚШҰ мемлекеттерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға дайындығын дәлелдеді.
Оқу-жаттығуға барлығы 1500-ге жуық әскери қызметші, 250 әскери және арнайы техника жұмылдырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -