ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ: ҚАЗАҚ-НЕМІС ТҰРАҚТЫ ИНЖЕНЕРИЯ ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗІЛУДЕ
Yessenov university базасында ашылған Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтына (KINI) түсу үшін ағылшын тілінен қабылдау тестінің кезекті легі өтті.
Білім алушылардың оқу жүйесі бойынша Германиядағы серіктес университеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі бар. Тек бұл ғана емес, филиал түлектері KINI және серіктес университеттер атынан қос диплом алады.
KINI студенті атансам деген оқуға түсуге ниетті талапкерлер бүгін ағылшын тілінен тест тапсырды. Емтиханның бұл легіне Атырау, Ақтау, Бейнеу және Жаңаөзен қала мектептерінен 50-дан астам талапкер қатысты. Олардың арасында Ақтау қаласының Nazarbayev Intellectual School (НЗМ) оқушылары үлкен қызығушылық танытты.
Алғашқыда ақпараттық сессия өткізіліп, оның аясында институттың оқыту жүйесі туралы ақпарат берілді және Маңғыстау облысының аумағында жүзеге асып жатқан Hyrasia One жобасы талқыланды.
Кейін оқушыларға кампус-тур өткізілді, оның барысында оқу ғимараттарымен, кітапханамен және институттың басқа оқу және оқудан тыс аймақтарымен таныстырылды.
“Қабылдау тесті форматы халықаралық ағылшын тесттеріне өте жақын. Тест 50 сұрақтан тұрады және тестті орындауға 50 минут беріледі. Емтихан “reading”, “listening” және “grammar” бөлімдерін қамтитындықтан талапкердің ағылшын тілі деңгейін дәл анықтауға көмектеседі” деп ағылшын тілі мұғалімі Эммануель Энегбедион өз ойын білдірді.
Талапкерлер тест нәтижесін сол мезетте алады. Институтқа түсу үшін ағылшын тілі деңгейі кемінде А2 болуы керек. Ал тесттен өтпеген жағдайда талапкерлердің қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Тест әр екі апта сайын сенбі күндері өтеді.
Былтырғы жылы институт 44 білім алушыны қабылдап, “Logistics” және “Energy and environmental engineering” бағдарламалары бойынша білім беріп бастаған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -