Талдықорған әкімдігі Уәкілдің Жетісу өңірі бойынша өкілінің есту қабілеті бұзылған адамдарға ақпарат беретін қондырғы орнату туралы ұсынысын қолдады
Мүгедектігі бар аадамдардың тең мүмкіндікке ие болып, қоғамға сіңісуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Жетісу облысы бойынша өкілі Талдықорған қаласының әкімдігіне автобустарға авто ақпараттандыру құрылғыларын орнату туралы ұсыныс жолдады.Әкімдік Уәкіл өкілінің ұсынысын қолдап, бірінші кезеңде Рүстембеков көшесі мен Н.Назарбаев даңғылы, Қонаев пен Балапанова көшелерінің қиылысында арнайы дыбыс құрылғыларын орнатты. Бұл құрылғылар жаяу жүргіншілердің қозғалысына рұқсат беретін немесе тыйым салатын бағдаршамдар қосылған уақыт туралы ескертеді.Осылайша, есту қабілеті бұзылған көптеген азаматтардың құқықтары сақталады. Сонымен қатар, әкімдікте жолаушылар тасымалдаушыларымен кезекті жиын өтіп, автобус салондарына авто ақпараттандыру құрылғыларын орнату мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта жолаушыларды ақпараттандыру функцияларын қамтамасыз ететін «Оңай» электронды билет жүйесін енгізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -