Талдықорғанда газдандыру 90,3%, орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98 % жетті
Талдықорғанда бүгінгі таңда қала халқының 90,3%-ы газға қосылуға мүмкіндік алған, соның 69%-ы немесе 37,8 мың абонент газ қостырған. Ал орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98 % құрап отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы Ынтымақ ауылы, 3-ші бөлімше, «Пригородный», «Экспедиция», «Үйтас» саяжай алабы және «Жастар-2» шағын ауданы – жалпы саны 6 елді мекенге газ берілсе, биыл Ынтымақ тұрғын алабы мен Мойнақ ауылы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
- Қала маңындағы «Алмалы», «Ащыбұлақ», «Мерекелік», «Қызылтас», «Балықты», «Қаратал» саяжайлары мен 1-бөлімшеге газ тартудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр, келесі жылы құрылысын бастаймыз. Ал ауыз суға келсек, орталық су жүйесіне қосу деңгейі қазір 98%. Биыл «Жастар 1/1» сумен қамту және су тарту жүйелерінің құрылысы мен жаңғыртылуы аяқталды. Келесі жылы Ынтымақ тұрғын ауданында канализация жүйесінің құрылысын аяқтаймыз, Ал 2025 жылы Еркін ауылы мен 1-ші бөлімшеде сумен қамту жүйесін салуға кірісеміз, - деді Б. Исабаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -