Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен кездесіп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша аудан және ауыл әкімдерімен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын іске асыру нәтижелеріне оң баға берді. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз ісін ашу үшін жеңілдігі бар шағын несие алады. Сондай-ақ, бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін мемлекет қайтарымсыз гранттар береді.
Қобда ауданының тұрғыны Рәзия Ғалиева «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,5 млн теңге несие қаражатын алып, тігін шеберханасын ашты. Мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражатқа ол киім тігіп шығару мүмкіндігін кеңейтетін станок сатып алған. Қазір мұнда 16 адам жұмыс істейді. Олардың жартысы «Күміс жас» бағдарламасымен жұмысқа орналастырылыпты, 1 қызметкер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында келген. Вице-премьер жобаға қатысып жатқан басқа да жандармен кездесті. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы түрлі салаларда бизнеспен айналысуға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -