Таза Қазақстан: Бүкіләлемдік топырақ күніне арналған жастармен кездесу
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен іс-шараға университеттің оқытушылары мен студенттері ғана емес, сондай-ақ шетелдік ғалымдар – Түркияның Ondokuz Mayıs University профессорлары қатысты.
Топырақ ресурстарын сақтау мәселесіне қатысты Дүниежүзілік топырақ күніне арналған экологиялық іс-шараны кең ауқымда өткізу идеясы Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне тиесілі.
– Топырақты сарқылмайтын қазына ретінде қарастыруға болмайды, – дейді биология ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ-нің қауымдастырылған профессоры м.а. Татьяна Чехова. – Антропогендік әрекеттер көптеген күрделі мәселелерге әкелді: тұздану, шөлейттену, эрозия, дегумификация. Жер шарындағы топырақтың 33%-ы деградацияға ұшыраған. Біздің университет бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі – ғылыми зерттеулер жүргізіп, топырақ көрсеткіштерінің динамикасын зерттейді.
Бұл мәселені зерттеуге халықаралық үлесін қосқан – топырақтану және өсімдіктердің қоректенуі саласындағы танымал сарапшы Ondokuz Mayıs University профессоры Rıdvan Kızılkaya болды. Оның әріптесі Izzet Akca да іс-шараға қатысып, зиянкес жәндіктерді, олардың экожүйедегі рөлін және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау әдістері жөнінде әңгімеледі.
Студенттер де белсенділік танытты. 10 жылдан астам уақыт бойы атап өтіліп келе жатқан Дүниежүзілік топырақ күнінің тарихы туралы «Экология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Ольга Мелихова мен Валерия Спивак баяндама жасады. Ал Наталья Яблонская ғылыми топырақтану мен топырақ географиясы мектебінің негізін қалаушы Василий Докучаевтің өмірі мен ғылыми жетістіктері туралы баяндамасын ұсынды.
Іс-шара экологиялық викторинамен аяқталды. Қатысушылар топырақтың құрамы мен оның экожүйедегі рөлінен бастап, топырақтанудың заманауи әдістері мен оны қорғау мәселелеріне дейін әртүрлі сұрақтарға жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -