Теміртау қаласында «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты диалог алаңы өтті
5 желтоқсан күні Ақсақалдар институтын дамыту мақсатында жас буын мен үлкендер буыны арасында диалог алаңы өтті.Жиынға Ақсақалдар алқасының төрағасы Шыңуар Баяндітегі және Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Зияшев Самат Саятұлы,Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжабаева Гүлмира Серікқызы қатысты.
Ақсақалдар институтының ұлт тәрбиесінде және қоғам мәселелерінде алатын орны ерекше.Жиынның негізгі мақсаты да жастарға ұлттық өнегені,салт-дәстүрді дәріптеу болып табылады.Қазіргі қарияларымыздың атқарып жатқан еңбектері де өте зор.Президентіміздің жолдауымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, үлкендерді сыйлап, құрметтеу – біздің міндетіміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -