Теміртау қаласында "Нашақорлыққа жол жоқ" қорытынды іс-шарасы өтті
06 желтоқсан күні Теміртау мәдениет Сарайында спорт мектептері, жастар, оқушылар, колледж және жоғары оқу орындары студенттері, қаланың мемлекеттік ұйымдары өкілдерінің қатысуымен "Нашақорлыққа жол жоқ" қорытынды іс-шарасы өтті. Кездесу аясында Теміртау мәдениет Сарайының фойесінде қаланың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің өкілдері өз қызметімен таныстырды және қызығушылық танытқан балаларды тіркеу арқылы шақырту ұсынды.
Теміртау қаласындағы республикалық жоба 4 қарашада қалалық мәслихат Төрағасының қала жастарымен кездесуімен басталып, 9 қарашада мыңдаған белсенділердің, спортшылардың, жастар өкілдерінің қатысуымен Есірткіге қарсы жеңілатлетикалық кросспен жалғасты. Жоба аясында бір айда жиырмадан астам спортшылар, шығармашылық зиялы қауым және басқа да қоғамдық пікір көшбасшылары жастармен кездесті.
Іс-шаралар марафоны прокуратура мен қала әкімдігінің, сондай-ақ полиция басқармасы мен "Amanat" партиясының қатысуымен өткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -