Терминалдар, бейнекамералар, жеке қабылдаулар. Қазақстанда сотталғандар өз құқықтарын қалай қорғай алады?: Астана қаласы, 21 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Терминалдар, бейнекамералар, жеке қабылдаулар. Қазақстанда сотталғандар өз құқықтарын қалай қорғай алады?

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотталғандардың құқығы қалай қорғалатынын айтып берді.Уәкіл сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын бақылау үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үнемі барып тұратынын атап өтті.

Уәкіл назар аударатын негізгі аспектілердің бірі - бейнебақылауды қолданудың тиімділігі.

«Мекемелерінің барлығында дерлік соқыр бұрыштарды бейнебақылаумен қамтамасыз ету 100%-ға жуықтады. Барған кезде ең бірінші назар аударатынымыз – бейнекамералар 100% жабдықталған ба, бұл жүйе қалай жұмыс істейді, бейнекамералардағы жазбалар тікелей прокуратура мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне түсе ме, қылмыс (азаптау) жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершіліктен құтылмауын қамтамасыз етуге қатысты шара қолданылды ма?», - деді Артур Ластаев.

Сонымен қатар, мекемелерге бару кезінде Уәкіл сотталғандармен жеке-жеке кездесулер өткізеді, бұл оларға проблемасын тікелей білдіруге, шағым түсіруге немесе түсініктеме алуға мүмкіндік береді.

«Қызметкерлерге қатысты көптеген жүйелі мәселелер көтерілуде. Бірақ сотталғандардың жеке қабылдауға жазылуға деген ұмтылысы мен мүмкіндігі ашықтықтан хабар береді, бұл жақсы. Мен ниет білдіргендердің барлығын, қанша болса да қабылдауға дайынмын», - деп түсіндірді Омбудсмен.

Сондай-ақ, барлық колонияларда шағым түсіруге арналған электронды терминалдар орнатылған. Сотталғандар тікелей сотқа және қадағалау органдарына шағымдана алады, бұл түрме әкімшілігі тарапынан цензураны жояды.

«Терминалдар да жүйелі шаралардың бірі. Олар бірнеше рет басу арқылы Бас прокуратураға немесе Ішкі істер министрлігіне хабарласуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген жүйелік қолдаумен жабдықталған. Сондай-ақ сотталушы өзінің процессуалдық мәселелері бойынша сот органдарына өтініш жаза алады», - деп атап өтті Артур Ластаев.

Бұл терминалдар сотталғандар еркін кіретін орындарда – асханаларға, кітапханаларға, жатын бөлмелерге және т.б. орнатылған.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотталғандардың құқығы қалай қорғалатынын айтып берді.Уәкіл сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын бақылау үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үнемі барып тұратынын атап өтті.

Уәкіл назар аударатын негізгі аспектілердің бірі - бейнебақылауды қолданудың тиімділігі.

«Мекемелерінің барлығында дерлік соқыр бұрыштарды бейнебақылаумен қамтамасыз ету 100%-ға жуықтады. Барған кезде ең бірінші назар аударатынымыз – бейнекамералар 100% жабдықталған ба, бұл жүйе қалай жұмыс істейді, бейнекамералардағы жазбалар тікелей прокуратура мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне түсе ме, қылмыс (азаптау) жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершіліктен құтылмауын қамтамасыз етуге қатысты шара қолданылды ма?», - деді Артур Ластаев.

Сонымен қатар, мекемелерге бару кезінде Уәкіл сотталғандармен жеке-жеке кездесулер өткізеді, бұл оларға проблемасын тікелей білдіруге, шағым түсіруге немесе түсініктеме алуға мүмкіндік береді.

«Қызметкерлерге қатысты көптеген жүйелі мәселелер көтерілуде. Бірақ сотталғандардың жеке қабылдауға жазылуға деген ұмтылысы мен мүмкіндігі ашықтықтан хабар береді, бұл жақсы. Мен ниет білдіргендердің барлығын, қанша болса да қабылдауға дайынмын», - деп түсіндірді Омбудсмен.

Сондай-ақ, барлық колонияларда шағым түсіруге арналған электронды терминалдар орнатылған. Сотталғандар тікелей сотқа және қадағалау органдарына шағымдана алады, бұл түрме әкімшілігі тарапынан цензураны жояды.

«Терминалдар да жүйелі шаралардың бірі. Олар бірнеше рет басу арқылы Бас прокуратураға немесе Ішкі істер министрлігіне хабарласуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген жүйелік қолдаумен жабдықталған. Сондай-ақ сотталушы өзінің процессуалдық мәселелері бойынша сот органдарына өтініш жаза алады», - деп атап өтті Артур Ластаев.

Бұл терминалдар сотталғандар еркін кіретін орындарда – асханаларға, кітапханаларға, жатын бөлмелерге және т.б. орнатылған.

Аймақтағы жаңалықтар