ТМД қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің отырысы туралы: Астана қаласы, 04 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТМД қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің отырысы туралы

2024 жылғы 4 қазанда Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің (ҚОБК) 55-ші отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, ТМД Атқарушы комитеті мен Терроризмге қарсы орталығының делегациялары қатысты.

Іс-шара басталар алдында делегация басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қабылдады. Кеңес қатысушыларына жолдаған үндеуінде Қ.К. Тоқаев жедел және талдамалық ақпаратпен уақтылы алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін, елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді әзірлеуге ықпал ететінін атап өтті.

ҚОБК отырысы барысында соңғы отырыстан бастап өткен кезең үшін өзара іс-қимыл жасау нәтижелері қаралды. Арнаулы қызметтердің халықаралық терроризм, заңсыз көші-қон, трансұлттық қылмыс, киберқылмыс және есірткі бизнесі саласындағы қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындылары бойынша арнаулы ведомстволардың басшылары ынтымақтастықтың нысандары мен бағыттарын кеңейту, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Анықтама: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының кеңесі халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы және қызметтің басқа да келісілген салаларындағы арнаулы қызметтердің өзара іс-қимыл жасауы және олардың іс-әрекетін үйлестіру үшін 1997 жылғы 28 наурызда ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шешімімен құрылған.  ҚОБК Достастық елдерінің арнаулы қызметтерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің органы болып табылады. Кеңеске төрағалықты ҚОБК мүшелерінің келісілген шешімі бойынша Ресей ФҚҚ директоры жүзеге асырады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар