ТЖМ қызметкерлері азаматтар үшін ашық есік күндерін өткізуде
Ақмолалық құтқарушылар халыққа өзінің ашықтығын тағы бір мәрте көрсетті.
ТЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Алашовтың қатысуымен ТЖ саласындағы ашық есік күнін өткізді. Халықпен кездесу «Достар» мәдениет үйінде өтті. Іс-шараға департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Ашық есік күніне 100-ден астам жергілікті тұрғын келіп, өздерінің қойған сұрақтарына жауаптар алды.
Бақытжан Алашов азаматтарды жеке қабылдады. Көкшетау тұрғындары оған Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары, құтқарушылар үшін қарастырылған жеңілдіктер сияқты түрлі мәселелермен жүгінді. Қоғам белсендісі Ерболат-қажы 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы сұрады. ТЖД бастығы бүгінгі таңда департамент тарапынан бұл тұрғыда белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, атап айтқанда су тасқынына дайындық бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқан немесе аяқталған су тасқыны қаупі бар аудандарға барғаны туралы айтты.
Іс-шара қонақтарына жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелері жеткізілді. Өрттерді тудырған заттардың көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтары көрсетілді.
М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясымен бірлесіп ведомстволық оқу орнына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Апаттар медицинасы орталығы мен «Қызыл Жарты Ай» ҚБ қызметкерлері адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін жеткізді.
Бақытжан Алашов азаматтар үшін осындай іс-шараларды өткізу қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -