ТЖМ қызметкерлері жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады
Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен тұрғындарға электр жылытқыштарын, пеш және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске салынуда. Өрттердің көбі осы жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде пайда болады.
Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері пештерді, электр жылытқыштарын, электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіруге ерекше мән береді. Іс-шара газ техника қызмет, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының қызметкерлерімен және Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе өткізілді.
Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтағы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ардагерлерге инспекторлар тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, пештер мен газды жылыту құралдарын қолдану ережелерін түсіндірді. ТЖ мамандары электр аспаптары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану тәртібін атап өтті, ал газ шаруашылығы қызметкерлері газ сигнализаторларын орнату және пайдалану жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берді.
Өрт қауіпсіздігі туралы мәдениетті арттыру мақсатында сұрақ-жауап түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар улы газбен улану кезіндегі алғашқы көмек, электр жылытқыштарды орнату мен пайдалану талаптары бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Олар шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлерін еске салып, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табыс етті, сондай-ақ мұржаны жылыту маусымында тазарту әдісін көрсетті.
Жылыту кезеңі басталғалы бері қатты отынмен пайдаланып пешпен жылытатын 3500-ден аса тұрғын үй, 83 мүмкіндігі шектеулі мен ардагерлердің тұрғын үйлері араланды. Бұл үйлерде кезең-кезеңмен көміртегі тотығын анықтайтын сигнализаторлар орнатылуда, бүгінгі күнге дейін 98 улы газды анықтайтын сигнализатор орнатылды, арнайы тәсілмен 193 пештердің мұржалары тазаланды.
«Бұл шаралар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін насихаттау және өрт жағдайында дұрыс әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - ТЖД бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы түсіндірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -