Уәкіл кеңсесінің өкілі Адам құқықтары жөніндегі IV Самарқанд форумына қатысты
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Салтанат Тұрсынбекова Уәкіл атынан Адам құқықтары жөніндегі IV Самарқанд форумына қатысты. Бұл жиын биыл «Экологиялық проблемалар: өзгермелі әлемдегі адам құқықтарының болашағы, тұрақты шешімдерді табу» тақырыбына арналды.Самарқанд форумының негізгі мақсаты – климаттың өзгеруінің адам құқықтарына ықпалына қатысты мәселелерді талқылау. Қатысушылар тәжірибе алмасуға және халықаралық қауымдастықтың озық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды.
Салтанат Тұрсынбекова «Климаттың өзгеруі жағдайында адам құқықтарын қорғау жөніндегі жаһандық стратегиялар мен ынтымақтастық» сессиясында сөйлеген сөзінде адамзаттың деструктивті қызметі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің әрекетсіздігі адам құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтыратынына қатысушылардың назарын аударды.
Уәкіл кеңсесінің өкілі Қазақстанның осы саладағы заңнамалық және практикалық тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының қабылдануы, Су ресурстары және ирригация министрлігі және өзге де тиісті ведомстволардың құрылуы, сондай-ақ ESG принциптерін енгізу мәселелері атап өтілді.
«Мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, бірақ экологиялық проблемаларды шешу үшін аймақтағы барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы, кешенді әрекет қажет», - деді Салтанат Тұрсынбекова.
Уәкіл кеңсесінің өкілі қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты. Осылайша, барлық Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығын нығайту, суды үнемдейтін технологияларға инвестиция жасау, экономиканы басқарудың жаңа, тиімді әдістеріне көшу шараларын қабылдау қажет.
Сондай-ақ өңірлерде регенеративті ауыл шаруашылығын енгізуді қарастырып, шаруашылықтың бұл түрін ілгерілету үшін мемлекеттік гранттар беруді заңнамалық тұрғыдан қарастыру ұсынылды.
Орталық Азия елдерінің үкіметтері көші-қон саясатын үйлестіру мәселелерінде тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуы қажет.Сонымен қатар, форум барысында стратегиялық құжаттарды адам құқықтары призмасы арқылы жүйелі түрде бақылау маңызды екені атап өтілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -