Уәкіл кеңсесінің өкілдері азаматтық белсенділермен кездесу өткізді
Кездесу климаттың өзгеруі жағдайында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарына арналды.Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті. «Қазақстандағы төтенше жағдайлар және климаттың өзгеруі кезіндегі мүгедектердің құқықтары» жобасы аясында «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері кеңседе болды.Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің әлеуметтік, экономикалық және мәдени адам құқықтары жөніндегі 2-секциясының және теңдік, инклюзия және зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау жөніндегі 3-секциясының мүшелері қатысты.Кездесудің мақсаты – қауымдастық мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып Қазақстан аймақтары бойынша жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ халықаралық стандарттарды, басқа мемлекеттердің озық тәжірибесін, заңнаманы және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет ету стратегияларын талдау.Сарапшылардың айтуынша, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мүмкіндігі шектеулі респонденттердің жартысынан сәл астамы ғана (53,4%) Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде климаттың өзгеруінің салдары байқалып жатқанын біледі. Сонымен қатар, климаттың өзгеруінің салдарын көріп отырғандардың 19%-ы әлі де жеткілікті ақпарат ала алмай отыр. Бұл халықтың осал топтарына бағытталған ақпараттық науқандардың қолжетімділігі мен жиілігін арттыру қажеттілігін көрсетеді.Бұл ретте респонденттердің 43%-ы климаттың өзгеруінің салдары өздерінің денсаулығына әсер етеді деп есептейді. Респонденттердің пікірінше, олардың денсаулығына қауіп төндіретін климаттың өзгеруінің зардаптарының ішінде ең жиі атап өтілгендері күн райының қатты ысуы (26,7%), температураның өзгеруі (18,6%) және ауаның ластануы (15,2%) болды.Сараптамалық кеңес мүшелері мұндай зерттеулерге мемлекеттік органдардың назарын аудару керектігін атап өтті, өйткені мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары күні бүгінге дейін өзекті болып отыр.«Сіздер қоғамды алдын алу шараларын қабылдауға итермелейтін негізгі тақырыпты көтеріп отырсыздар. Бұл – климаттың өзгеруіне байланысты көптеген тәуекелдер мен қиындықтарды қарастыратын күрделі мәселе. Түптеп келгенде көші-қон процестеріне және адам құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бейімделу шараларын қабылдау үшін, мысалы, су тасқыны қаупінің қай жерде бар екенін және бұл мәселені алдын ала қалай шешуге болатынын білген дұрыс. Бұл үшін тиісті алгоритмдер мен әдістемелер қажет», - деп атап өтті Сараптамалық кеңестің мүшесі Айгүл Соловьева.Кеңестің тағы бір мүшесі Зәуреш Батталова бұл зерттеудің ең алдымен, мүгедектердің құқықтарын қорғау кезінде маңызды екенін, барлық құрылымдарды табиғи апаттарға дайындау үшін қажеттігін атап өтті.«Орталық деңгейде нені қабылдау керек, Парламент қандай заңдарды зерделегені жөн, қандай мемлекеттік құжаттарды дайындау керек екенін түсіну үшін әзірленетін әдістемелік ұсынымдар құзыреттерді ескере отырып егжей-тегжейлі жасалуы тиіс. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін бюджеттік ұйымдар үшін нұсқаулық құжаттың қандай болуы керектігін түсіну қажет», - деп түйіндеді ол.Сонымен қатар, Сараптамалық кеңестің мүшелері Назым Жанғазинова мен Динара Есімова өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, төтенше жағдайлар кезінде мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеуде волонтерлік тәжірибені пайдалану, олардың әлеуметтік және қауіпсіздік кепілдігінің қажеттілігі сынды мәселелерді көтерді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұсынылған тақырыптар төңірегінде одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -