Уәкіл кеңсесінің өкілдері Өскемен қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысына қызметтік сапар аясында бірқатар медициналық-әлеуметтік мекемелерді аралады. Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Өскемен қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы.
Мұнда аурухана жағдайында жалғызбасты қарттар мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Туған-туыссыз, бағудан шет қалған ата-әжелерге осы жерде тиісті қамқорлық пен көңіл бөлінеді. Олар гигиеналық құралдармен, төсек-орынмен, күнделікті және сырт киіммен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Орталық қызметкерлері өз қамқорлығындағылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спорттық іс-шаралар, шығармашылық клубтар мен көркемөнерпаздар концерттерін ұйымдастырып тұрады.
Орталықта тұратын әрбір адам өз рационында күнделікті жемістер, көкөністер және ет жейді. Қонақтардың ешқайсысы орталықтағы өмірге шағымданбай, керісінше, қызметкерлерге қамқорлықтары мен мұқият қарағандары үшін ризашылықтарын білдірді.
Кеңсе өкілдері қарттардың тұрмыс жағдайына, олардың құқықтарының құрметтелуіне назар аударды. Әдеттегідей қонақ бөлмелерді, асхана, медициналық пункт пен дәріхана, монша, кітапхана, еңбек терапиясы, психолог, жаттығу терапиясы кабинеті т.б. нысандарды аралады.
Еңбек терапиясы – орталық тұрғындарының сүйікті істерінің бірі: олар мұнда ағаш жонып, тігін тігеді, тері бұйымдарын илейді, сурет салады және басқа да шығармашылық жұмыстармен айналысады.
Сонымен бірге, бару қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері қызмет көрсету сапасын арттыру, бос уақытын өткізуді ұйымдастыру, әрекетке қабілетсіз тұлғалардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсыныстар берді. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлерді жыл сайын оқытып, біліктілігін арттыру курстарын, оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру мәселелері көтерілді.
Уәкіл кеңсесінің қызметкерлері орталық мамандарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Ұлан ауданындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және Глубоковский ауданындағы Зимовев атындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -