Уәкіл мекемесінің өкілі Орталық Азиядағы заң үстемдігі бағдарламасының конференциясына қатысты
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Әнуар Сабыров «Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ортақ құқықтық кеңістікті құруға жәрдемдесу» атты қорытынды аймақтық конференцияға қатысты.
Іс-шараға бағдарламаны қорытындылау және төрт жылдық ынтымақтастық тәжірибесін бағалау, сондай-ақ бағдарламаның артықшылықтары мен болашақтағы ынтымақтастықты талқылау үшін Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің өкілдері, Орталық Азия елдерінің сарапшылары жиналды.
Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың заң үстемдігі саласындағы бірлескен бағдарламасы еуропалық және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын, заң үстемдігі мен демократияны нығайтуға бағытталғанын атап өткен жөн. Бағдарлама әрбір елдің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін тәсілге негізделген.
Адам құқықтарының халықаралық стандарттарына арналған сессияда сөз сөйлеген Уәкіл кеңсесінің өкілі атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын, оның құқық қорғау институттарын дамытуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге оң әсерін атап өтті.Конференция соңында қатысушылар бағдарламаның қорытындысын шығарып, жоба аясындағы төрт жылдық ынтымақтастық тәжірибесіне баға берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -