Уәкіл мекемесінің өкілі Орталық Азиядағы заң үстемдігі бағдарламасының конференциясына қатысты
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Әнуар Сабыров Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ бірлесіп ұйымдастырған Қорытынды аймақтық конференцияға қатысты.
Іс-шарада Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің сарапшылары бағдарламаның нәтижелері мен қорытындыларын, төрт жылдық ынтымақтастық тәжірибесін бағалап, бағдарламаның артықшылықтары мен аймақтағы болашақ ынтымақтастықты талқылады.
Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың заң үстемдігі саласындағы бірлескен бағдарламасы еуропалық және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын, заң үстемдігі мен демократияны нығайтуға бағытталғанын атап өткен жөн. Бағдарлама әрбір елдің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін тәсілге негізделген.
Адам құқықтарының халықаралық стандарттарына арналған сессияда сөз сөйлеген Уәкіл кеңсесінің өкілі атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын, оның құқық қорғау институттарын дамытуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге оң әсерін атап өтті.Конференция соңында қатысушылар бағдарламаның қорытындысын шығарып, жоба аясындағы төрт жылдық ынтымақтастық тәжірибесіне баға берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -