Уәкіл мекемесінің өкілдері Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері қызмет алушылардың жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Зимовьев атындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығына барды.
Уәкіл кеңсесінің өкілдері негізгі үй-жайларды, бөлмелерді, асхананы, дәріхананы, медициналық пункті аралап көрді. Сондай-ақ, қызмет алушыларға өз құқықтарын түсіндіру мақсатында әңгіме жүргізілді.
Айта кету керек, бұл орталықта 211 адам арнайы қызмет алады. Мұнда оларға еңбек терапиясы ұйымдастырылып, апитерапия да енгізілген. Апитерапия – емдеу үшін аралар мен ара өнімдері: бал, прополис, сүтті ара, тозаң және т.б. қолданылатын медицинаның бір саласы. Аралармен емдеу неврологиялық және жүрек ауруларына, сонымен қатар басқа да көптеген жағдайларда пайдалы.
Уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі бұл тәжірибені облыста ғана емес, еліміздің өзге де өңірлеріндегі әлеуметтік мекемелерде енгізуді ұсынды. Тиісті ұсыным алдағы уақытта уәкілетті органдарға жолданатын болады.
Аталған мекемеге барудың қорытындысы бойынша Уәкіл кеңсесінің өкілдері қызмет көрсету сапасын арттыру және көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -