Уәкіл мекемесінің өкілдері Қостанай қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Қостанай облысына сапары аясында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерінің тұрмыс жағдайымен танысты.
Кеңсе өкілдері аталған орталықтың үй-жайларын, оның ішінде балалар тұратын бөлмелерді, асхана мен медициналық кабинетті аралап көрді. Балалармен әңгімелесті.
Жалпы, жағдай қанағаттанарлық, бірақ ұсақ бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты орталық басшылығымен әңгіме жүргізілді. Балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Мониторинг және орталық әкімшілігімен өзара іс-қимыл жалғасады, барлық ұсыныстар басшылықтың бақылауына алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -