Уәкіл мекемесінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы Психикалық денсаулық орталығында ем алушы науқастардың жағдайымен танысты.
Қызметтік сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығына барды.
Мекеме Ұлан ауданында орналасқан, онда психиатриялық дертке шалдыққан 40 адам ем алады. Мұнда күтімді қажет ететін адамдарға мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетіледі.
Орталық өкілдері қызмет алушылардың тұрмыс жағдайын тексерді. Уәкіл кеңсесінің қызметкерлері орталық ғимаратының сонау ХХ ғасырдың 50-жылдарында салынғанына және бүгінгі таңда апатты жағдай санатына жататынына назар аударды. 2025 жылы облыстың түкпір-түкпірінен психиатриялық емдеуге мұқтаж 120-ға дейін адамды қабылдай алатын жаңа орталықты пайдалануға беру жоспарлануда. Орталықтың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Кеңсе өкілдері жаңа ғимараттың құрылыс барысымен танысты.
Уәкіл кеңсесінің өкілдері орталық қызметкерлерімен әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың құқықтарын сақтау бойынша жұмыс жүргізіп, науқастардың жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстар берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Уәкіл кеңсесінің өкілдері Ұлан ауданындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, Глубоковский ауданы Зимовье және Солнечный ауылдарындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ Өскемен қаласындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -