Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі Ұлттық алдын алу тетігі қызметінің цифрлық модельге көшу мәселесін қарады
2024 жылғы 11 маусымда Артур Ластаевтың төрағалығымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Ақпараттық жүйені пайдалана отырып, ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының қызметін цифрлық модельге көшіру бойынша Астана қаласы мен Ақмола облысындағы пилоттық жобаның қорытындысы жасалды.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап ҰАТ қатысушыларының есептерді ұсынуын кезең-кезеңімен толық электрондық форматқа көшіру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар отырыста 2023 жылы жабық мекемелерге бару қорытындылары бойынша ҰАТ қатысушыларының шоғырландырылған баяндамасын дайындау бойынша және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Үйлестіру кеңесі азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесі түріндегі ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылғанын айта кету керек.
Жоғарыда аталған кеңеске азаматтық қоғамның өкілдерінен құралған 37 мүше кіреді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -