Уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі мемлекеттік органдармен бірге кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне өз өтінішімен ағаш кесу және ағаш бұйымдарын шығарумен айналысатын жеке кәсіпкер жүгінді.
Арызданушының айтуынша, 2023 жылдың қараша айында тәртіп сақшылары оның барлық құжаттары дұрыс болғанына қарамастан, әкелген ағаштарын алып кеткен.Осы кезден бастап кәсіпкердің ұйымы жұмысын тоқтатса да жұмысшыларға жалақы төлеуге, несиесін өтеуге, отбасын асырауға және салық органдарына есеп беруге мәжбүр болған.Омбудсмен өкілінің араласуынан кейін және мемлекеттік органдармен дер кезінде өзара іс-қимыл жасаудың арқасында арызданушының уәждері тексеріліп, бұғаттау шаралары алынып тасталды. Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысын қайта бастады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -