Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі науқасқа мүгедектік тағайындауға көмектесті
Арызданушы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкіліне туысқанына мүгедектік тағайындауға көмектесу туралы өтінішпен жүгінген.
Оның айтуынша, ер адам облыстың шалғай ауданында тұрады және ұзақ жылдардан бері денсаулығында күрделі проблемалар мен мүгедектігі бар. Алайда мүмкіндігі шектеулі екенін растайтын құжаты болмағандықтан, мемлекеттен ешқандай жәрдемақы ала алмаған.
Уәкіл өкілінің көмегімен ер адамға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Тексеруден кейін оған мүгедектік тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -