Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі жұмыс орнын қысқарту туралы заңсыз хабарламаның күшін жоюға қол жеткізді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкіліне әйел еңбек құқығын қалпына келтіруді сұрап жүгінді. Оның айтуынша, 2024 жылдың шілдесінде оған лауазымын қысқарту туралы хабарлама келген. Бұл шешім қызметкердің жүктілігі туралы анықтама бергеніне қарамастан қабылданған, бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын өрескел бұзу болып табылады.
Еңбек кодексіне сәйкес, жүктілігі туралы куәлікті ұсынған аяғы ауыр әйелдерге, сондай-ақ үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар жалғыз басты аналарға қатысты жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.Белгіленген еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты Уәкіл өкілі өтініш берушіге жан-жақты көмек көрсету үшін облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға хабарласты.
Өкілдің уәкілетті мемлекеттік органның көмегімен белсенді араласуының нәтижесінде жұмыс беруші қысқарту туралы хабарламаны дереу жойды.
Осылайша оның еңбек құқығы қалпына келтірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -