Уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі сотталған әйелдің зейнетақы алу құқығын қалпына келтірді
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыны жеке қабылдады.
Әйел бір жыл бұрын зейнеткерлік жасқа жеткенін, алайда оның зейнеткерлікке шығу туралы өтінішін Халыққа қызмет көрсету орталығы мен жергілікті мемлекеттік органдар жоғалтып алғанын, осылайша арызданушының конституциялық құқығы бұзылғанын баяндады.
Ол шағымына Қазақстан Республикасының азаматы екенін және заңға сәйкес барлық органдарда тіркелгенін растайтын жеке куәлігін қоса тіркеген.
Өкіл арызданушының бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне және Алматы мен Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің No10 мекемесіне ұсыныстар жолдады.
Нәтижесінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің көмегімен 2024 жылдың 20 маусымынан бастап өтініш берушіге жасына байланысты зейнетақы және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -