Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі баланың құқығын қалпына келтіруге көмектесті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне қаладағы Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мүгедектігі бар баласын қабылдаудан негізсіз бас тартты деген арызымен әйел адам жүгінді.
Уәкіл өкілі мән-жайды анықтау мақсатында Шымкент қалалық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау бөлімі қызметкерінің және аталған Орталық басшылығының қатысуымен бірлескен жедел қабылдау ұйымдастырды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімімен бірге қабылданған шаралардың нәтижесінде арызданушының баласы Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жатқызылып, құқығы қалпына келтірілді.
Орталық басшысының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары негізсіз баланы қабылдаудан бас тартқаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -