Уәкілдің Шымкенттегі өкілі ана мен баланың жәрдемақы алу құқығын қалпына келтірді
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне әйел азаматша хабарласты. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін 8 жасар қызына мемлекеттік жәрдемақы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарын тапсырғанын айтты.Алайда, 4 ай өтсе де арызына қатысты оң шешім алмаған, ол Уәкіл өкілінен көмек көрсетуді сұрады.Уәкілдің өңірдегі өкілі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен жедел қабылдау өткізіп, аталған бөлімге тиісті тексеру жүргізу туралы ұсыныс хат жолдады.Өкілдік пен мемлекеттік органдардың өзара тығыз іс-қимылының нәтижесінде өтініш берушінің құжаттары белгіленген тәртіпте ресімделіп, оған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Осылайша, арыз қанағаттандырылып, ана мен баланың құқығы толығымен қалпына келтірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -