Уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Петропавлдағы тергеу изоляторында болды
2024 жылғы 25 маусымда Уәкілдің осы өңірдегі өкілі тергеудегі, қамауға алынған жандардың жай-күйін бақылап, сотталғандарды ұстау жағдайларымен танысты, сондай-ақ оларды жеке-жеке қабылдады.
Аталған мекемені аралау кезінде өкіл су тасқынынан кейін үй-жайлардың жөнделгенін, бірақ ылғал әлі сезіліп тұрғанын байқады. Сондықтан ол облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қызметінің қорытындысымен танысты. Нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға тиісті сауалдар жолдады.
Қабылдауға келген азаматтарға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -