Уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкіліне Қонаев қаласының тұрғынынан өтініш түсті. Әйел инсульт алғанын және қиын өмірлік жағдайға тап болғанын айтты. Сонымен бірге ол ұзақ уақыт бойы медициналық себептер бойынша тағайындалған мүгедектік тобын қайта ала алмаған.Арызданушы 2016 жылдан бері диспансерлік бақылауда екенін және Қонаев қаласындағы қалалық көпсалалы ауруханаға бекітілгенін атап өтті. Уәкілдің өкілі облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыныс жасап, содан кейін өтініш беруші медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтті. Нәтижесінде ол 3-ші топтағы мүгедектікке тағайындалды.Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп арыз берушіге бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -