UTEBAYEV UNIVERSITY ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ: Астана қаласы, 05 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

UTEBAYEV UNIVERSITY ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПОЛИГОН ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ

Utebayev University білім беру процесін толықтай оқу полигонында өткізуді еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғаш болып қолға алып отыр. 4 қараша күні индустриялық-инновациялық полигон құрылысын бастауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған полигон құрылысы – Қазақстанның мұнай-газ саласына қажет мамандарды даярлау ісіндегі жаңа қадам.

Салтанатты рәсімге Атырау облысының әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев, қала әкімі Шәкір Кейкін, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова және университеттің Индустриалды комитеті мүшелері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Оқу-өндірістік полигонының алғашқы іргетасын қалау іс-шарасында уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті.

«Атырау мұнай және газ университетінің Индустриалды комитеті мен «Ембімұнайгаз» АҚ қолға алған оқу полигонында студенттер озық технологиялармен жұмыс істеуді тәжірибе тұрғысында меңгеріп, нақты өндірістік міндетті шешуге және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік алады. Төрт гектар жерді алып жатқан полигонға еліміздегі техникалық жоғары оқу орындарының студенттері де келіп, тәжірибеден өтеді», - деді Гүлзада Шакуликова.

Университеттің серіктесі «Ембімұнайгаз» АҚ өндіріс пен академиялық қауымдастықтың коммуникация алаңы ретінде болашақ мамандарды тәжірибелік тұрғыда даярлайтын индустриялық полигон құрылысына қолдау көрсетті. Атырау өңіріндегі жоғары тұтқырлы мұнайды өндіру мен өңдеуде озық технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті кадр даярлау үшін индустриялық полигонды пайдалануға беру өте маңызды. Жаңа инновациялық орталық университеттің ғана емес, өңірдің ғылыми-өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті компаниялармен, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнату, бірлескен жобалар іске асыру жоспарланып отыр.

«Полигонда жер қойнауын барлаудан бастап мұнай өнімдерін өңдеуге дейінгі барлық өндірістік жұмыс атқарылады. Полигон базасында озық үлгідегі зертханалар, оқу-өндірістік алаңдар мен тәжірибелік қондырғылар, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдары қарастырылған», - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

«Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасы» аясында Utebayev University индустриалды университет моделіне көшуге байланысты стратегиялық маңызды міндетін іске асыруда. Университетте 2020 жылы академиялық және ғылыми ортаны бизнеспен байланыстыратын Индустриалды комитет құрылды. Оқу орны мұнай-газ кешенімен тиімді ынтымақтастықты жалғастыра отырып, білім беру қызметін әлемдік нарыққа экспорттап, өңірге кәсіби мамандарды шоғырландыру мен зияткерлік капиталды арттыруға назар аударады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар