Қылмыстық қудалау органының қаулысы міндетті болып табылмайды және сот бақылауына ықпал етпейді - Конституциялық Сот
Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 127-бабының төртінші бөлігінің («преюдиция») Конституцияға сәйкестігін қарады. Бұл нормаға сәйкес қылмыстық қудалау органы қаулысының сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа, қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.
Өтініш авторының хабарлауынша, бұрын оған және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Кейіннен олардың кейбіреулеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Өтініш берушіні қоса алғанда, қалғандарын сот осы қылмыстық іс бойынша кінәлі деп таныған.
Өтініш иесі Кодекстің аталған нормасы оны сотта өзінің құқықтары мен мүдделерін толық қорғау мүмкіндігінен айырады, себебі ол судьяны қылмыстық қудалау органының шешіміне тәуелді етеді деп санайды.
Конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеу қорытындысы бойынша Конституциялық Сот тексерілген норманың Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келеді деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, ол норманың редакциясын баяндаудың кемшіліктерін және Кодекстің осы мәселеге қатысты басқа ережелерімен келіспейтіндігін атап өтті.
Бұған дейін Конституциялық Сот өзінің қорытынды шешімдерінде нормативтік құқықтық акті заңдық дәлдік пен салдардың болжамды талаптарына сәйкес келуі керек деп бірнеше рет атап өткен болатын.
Заңның нормалары жеткілікті айқындықпен тұжырымдалуы және оларды өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін болдырмайтын түсінікті өлшемдерге негізделуі тиіс, бұл қылмыстық қудалау шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау мен қорғаудың кепілі болып табылады.
Баяндалғанның негізінде және біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық Сот Кодекстің 127-бабының төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкес түсіндірмесін берді және осы норманың өзге түсіндірмесі алынып тасталатынын көрсетті.
Сонымен бірге Үкіметке Конституциялық Соттың қабылданған нормативтік қаулысында баяндалған құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын жетілдіру жөнінде ұсынымдар берілді.
Нормативтік қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады
https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/688340?directionId=_14640&lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -