Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
2024 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Германия Федеративтік канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігімен және «SIEMENS» ЖШС-мен экологиялық саланы цифрландыру бағытында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум экологиялық тәуекелдерді талдау және басқару үшін озық технологияларды қолдануды қарастырады. Қазақстанда инновациялық жүйелер енгізілетін болады, бұл қоршаған ортаның жағдайын бақылау сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, автоматтандырылған мониторинг жүйелері саласында елдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіледі, бұл экологиялық өзгерістерді дәл бағалау және болжауға көмектеседі.
Бұл қадамдар Қазақстан азаматтары үшін таза және денсаулықты қорғайтын қоршаған ортаны құруға бағытталған және экологиялық тәуекелдерді басқаруға оң әсерін тигізеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -