Құқық қорғау органдары Академиясының түлектері қаржылық мониторинг саласында жұмыс істейтін мамандар қатарын толықтырды: Астана қаласы, 26 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құқық қорғау органдары Академиясының түлектері қаржылық мониторинг саласында жұмыс істейтін мамандар қатарын толықтырды

Құқық қорғау органдары Академиясының түлектері қаржылық мониторинг саласында жұмыс істейтін мамандар қатарын толықтырды

Құқық қорғау органдары Академиясының түлектері қаржылық мониторинг саласында жұмыс істейтін мамандар қатарын толықтырды

Құқық қорғау органдары Академиясының түлектері қаржылық мониторинг саласында жұмыс істейтін мамандар қатарын толықтырды.  Биыл алғашқы кәсіптік даярлық курсын 40 тыңдаушы аяқтады. Экономикалық қылмыстармен күресуге дайын жас мамандар оқу барысында экономикалық қауіпсіздік мәселелерін терең зерттеп, елді қаржылық қауіптерден қорғаудың маңызды дағдыларын дамытты. Салтанатты марапаттау рәсімі Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің қатысуымен өтті, ол оқу үздіктеріне Экономикалық тергеу қызметінің лейтенанты погондары мен жобалық жұмыстарға қатысқаны үшін дипломдар табыс етті.  "Сіздің еңбегіңіз халықтың әл-ауқатын жақсартуға және Заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Қызмет зейінділікті және заңдарды қатаң сақтауды талап етеді", - деп атап өтті Ж.Елемесов өз сөзінде. Академия ректоры Марат Сексембаев үздік түлектердің еңбегін атап өтіп, оларды сертификаттармен марапаттады.  Алдағы уақытта бұл мамандар өз қызметтерін атқарып, ел экономикасының игілігі үшін жұмыс істей бастайды. Жалпы, соңғы үш жылда Академия 276 түлек дайындады, олар қазір қаржылық мониторинг органдарында жұмыс жасап келеді.  ҚМА Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуға даяр өршіл және креативті жастарды Академияның келесі бағдарламасына іріктеуден өтуге шақырады. 



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Құқық қорғау органдары Академиясының түлектері қаржылық мониторинг саласында жұмыс істейтін мамандар қатарын толықтырды.  Биыл алғашқы кәсіптік даярлық курсын 40 тыңдаушы аяқтады. Экономикалық қылмыстармен күресуге дайын жас мамандар оқу барысында экономикалық қауіпсіздік мәселелерін терең зерттеп, елді қаржылық қауіптерден қорғаудың маңызды дағдыларын дамытты. Салтанатты марапаттау рәсімі Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің қатысуымен өтті, ол оқу үздіктеріне Экономикалық тергеу қызметінің лейтенанты погондары мен жобалық жұмыстарға қатысқаны үшін дипломдар табыс етті.  "Сіздің еңбегіңіз халықтың әл-ауқатын жақсартуға және Заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Қызмет зейінділікті және заңдарды қатаң сақтауды талап етеді", - деп атап өтті Ж.Елемесов өз сөзінде. Академия ректоры Марат Сексембаев үздік түлектердің еңбегін атап өтіп, оларды сертификаттармен марапаттады.  Алдағы уақытта бұл мамандар өз қызметтерін атқарып, ел экономикасының игілігі үшін жұмыс істей бастайды. Жалпы, соңғы үш жылда Академия 276 түлек дайындады, олар қазір қаржылық мониторинг органдарында жұмыс жасап келеді.  ҚМА Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуға даяр өршіл және креативті жастарды Академияның келесі бағдарламасына іріктеуден өтуге шақырады. </p>

Аймақтағы жаңалықтар