⚡️ Құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеру енгізілуде: Астана қаласы, 26 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

⚡️ Құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеру енгізілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеруді

(Integrity check)

енгізу мақсатында «Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Осы институттың тетігін әзірлеу Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында көрсетілген.

Бүгінгі таңда бұл құрал Австралияда, Венгрияда, Молдовада, Румынияда, АҚШ-та белсенді қолданылады және жемқорлық мінез-құлқын анықтауға бағытталған модельденген жағдай болып табылады.

Заң жобасында тестіленуші тұлғалар мен тестілеушілердің құқықтары мен міндеттері, тестілеуді тағайындау үшін негіздер, оны өткізу рәсімдері, жауапкершілік шаралары және басқа да мәселелер регламенттелген.

Сондай-ақ, тестілеушілер тарапынан ықтимал теріс пайдаланудан қызметкерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктері мен алдын алу тетіктері бекітілді.

Құқық қорғау органдарында

(СЖҚІА, ҚМА, ІІМ және ТЖМ)

парасаттылықты тексеруді пилоттық сынақтан өткізу нәтижелері осы құралдың жоғары алдын алу әлеуетін көрсетті.

Кәсіби парасаттылыққа тестілеуді енгізу жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеруді
(Integrity check)
енгізу мақсатында «Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Осы институттың тетігін әзірлеу Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында көрсетілген.

Бүгінгі таңда бұл құрал Австралияда, Венгрияда, Молдовада, Румынияда, АҚШ-та белсенді қолданылады және жемқорлық мінез-құлқын анықтауға бағытталған модельденген жағдай болып табылады.

Заң жобасында тестіленуші тұлғалар мен тестілеушілердің құқықтары мен міндеттері, тестілеуді тағайындау үшін негіздер, оны өткізу рәсімдері, жауапкершілік шаралары және басқа да мәселелер регламенттелген.

Сондай-ақ, тестілеушілер тарапынан ықтимал теріс пайдаланудан қызметкерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктері мен алдын алу тетіктері бекітілді.

Құқық қорғау органдарында
(СЖҚІА, ҚМА, ІІМ және ТЖМ)
парасаттылықты тексеруді пилоттық сынақтан өткізу нәтижелері осы құралдың жоғары алдын алу әлеуетін көрсетті.

Кәсіби парасаттылыққа тестілеуді енгізу жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз

Аймақтағы жаңалықтар