Қызылорда облысында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді
Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шараға комиссия құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, әкімдіктің басқарма басшылары, өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Отырыс барысында, «Облыс әкімімен бекітілген «Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізуші жұмыс тобы қызметінің нәтижелілігі туралы» және «Ақпараттық-түсіндірмелік топтың діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бағытында атқарған шаралары және ақпараттық кеңістіктегі қарсынасихат өнімдерін жасау мен оны ілгерлетудегі белсенділігі» туралы мәселелер қаралды.
Кездесу соңында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер мен өңірдегі діни ахуалды сауықтыруға бағытталған тиісті шаралар қабылданды.
Материал Қызылорда облысы Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -