ЮНИСЕФ-тің Грекиядағы өкілі құқық қорғаушы күн тәртібіндегі балалардың мүддесі тақырыбындағы өзекті мәселелер бойынша дәріс оқыды
Конституциялық Сотта ЮНИСЕФ-тің Грекиядағы өкілі Гассан Халил мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдеріне арнап құқық қорғаушы күн тәртібіндегі балалардың мүддесі тақырыбындағы өзекті мәселелер бойынша қонақ дәріс оқыды. Сонымен бірге, шараға Конституциялық Соттың судьялары мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Летисия Баззии-Вейл қатысты.
Шара барысында қатысушылар баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ұлттық заңнамалық тәжірибелерімен бөлісті. ЮНИСЕФ өкілдері ұйымның халықаралық құжаттарына, Бала құқықтары туралы конвенция шеңберінде Грекия мен басқа елдердің қабылдаған міндеттемелерінің орындалуына шолу жасады. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. 2023 жылы Қазақстан осы Конвенцияға үшінші Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Хаттама 18 тәуелсіз сарапшыдан тұратын БҰҰ жанындағы Бала құқықтары жөніндегі комитетке балалардың немесе олардың ата-аналарының жеке шағымдарын жолдау тетігін айқындайды.
Конституциялық Соттың судьялары ата-аналардың алимент төлеу, бала асырап алу, ат қою құқығы, сондай-ақ балалардың мүддесі үшін сот төрелігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне қатысты қабылданған қорытынды шешімдері мен азаматтардың конституциялық іс жүргізуде қаралып жатқан өтініштері жайлы ақпаратпен бөлісті.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -