Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Астана қаласының Үйлестіру кеңесінің қорытындыcы
Астана қаласы прокурорының төрағалығымен құқық қорғау және арнайы органдар басшыларының, Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің қатысуымен Үйлестіру кеңесі өтті.
Азаптау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәжірибесі және олардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарын үздіксіз бейнебақылау, қызметкерлерді бейнежетондармен жабдықтау, жеке құраммен тұрақты негізде түсіндіру жүргізу және осы санаттағы қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша шаралар кешені әзірленді.
Кездесуге қатысушылар азаптаулардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендіктерін білдірді.
Елорда прокуратурасы мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету және азаптауларға қарсы тұру мақсатында құқық қорғау органдарымен, азаматтық қоғаммен және басқа да мүдделі органдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасауда.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -